Маңғыстауда браконьерлерден 1 тоннадан астам балық тәркіленді

polisia.kz
polisia.kz
Заңсыз балық тасу, сатумен айналысқандар тарапынан келтірілген мемлекеттік шығын әр іс бойынша сот үкімінің шешімі шыққаннан кейін өндіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстаулық полицейлер «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында браконьерлерден 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Шара барысында құқық бұзушылықтарды анықтау үшін табиғатты қорғау полиция қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және патрульдік полиция батальоны мен рота қызметкерлерінен бес топ құрылды. Нәтижесінде, 90 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, балық аулау қағидасын бұзғаны үшін 74 тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) хаттамалар жасақталды. 13 адам ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) және 3 адам осы кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша заң алдында жауап береді. Жалпы, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 1099 келі бекіре тұқымдас және 46 келі ұсақ балықтар, итбалықтың майы мен терісі тәркіленді. Сондай-ақ, 500 метр бекіре тұқымдас балығын аулауға арналған ау және «Байда» мен екі резеңке қайық анықталды», - делінген сайт ақпаратында. 

«Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, сату, тасымалдау фактілерінің алдын алу мен анықтау мақсатында өтті. 

Заңсыз балық тасу, сатумен айналысқандар тарапынан келтірілген мемлекеттік шығын әр іс бойынша сот үкімінің шешімі шыққаннан кейін өндіріледі.

Новости партнеров