Қызылордада көп қабатты жатақханада шыққан өрттен 76 адам эвакуацияланды
Хабар24
Өрт толық сөндірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада шыққан өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы 5.54-те тіркелді. Тұрар Рысқұлов көшесі бойында орналасқан жатақхананың екінші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт сол балконның үстінде орналасқан өзге балкондарға тарап кеткен.
«Өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 15-і бала. Өрт 6.21-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласынан барлығы 32 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33