9 жастағы қыз «Хан Шатыр» сауда орталығындағы бассейнге батып кетті. Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында болған, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қыз бала №10 мектеп-гимназиясындағы достарымен шомылуға келген. Бассейнде 30 шақты бала шомылып жатқан.
Қазіргі таңда ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктердің жеткіліксіз болуы» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.