Арнайы жасақ қызметкерлері жанып жатқан ғимараттан 30 адамды құтқарып үлгерген
Алматы облысының Қаншеңгел ауылында қонақүй өртенді. Абырой болғанда, арнайы жасақ қызметкерлері жанып жатқан ғимараттан 30 адамды құтқарып үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Түн ортасында болған апат кезінде жедел әрекет ету арнайы жасағы қызметкерлерінің аталған ауылда іс-сапармен жүргені анықталды. Олар жергілікті қонақүйдің жанып жатқанын көріп, көмекке ұмтылған.
Қызметкерлер алдымен ғимаратты тоқтан ажыратып, кейіннен тұрғындарды құтқаруға көшкен.