ШҚО-да өртенген үйден әйелдің денесі табылды
elements.envato.com
Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына төсекте жатып темекі шегу себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған үйден 31 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 қаңтарда Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.
«Пушкин көшесінде орналасқан жер үйдеy өрт шықты. Бөлмелердің бірінде жиһаз, тұрмыстық техника мен заттар жанған. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 16 шаршы метрді құрады. Барлау барысында құтқарушылар дәлізден 31 жастағы әйел адамның денесін тапты», - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – төсекте жатып темекі шегу себеп болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43