|
04.06.2023 | 15:45
1546

Ауа-газ қоспасы: автокөлік жүріп бара жатып өртенді

Өрт 02:57-де оқшауланып, 03:03-те сөндірілді

Ауа-газ қоспасы: автокөлік жүріп бара жатып өртенді www.inform.kz

Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігі жүріп бара жатып өртенген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға 3 маусымға қараған түні әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.

"2003 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 6 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 02:57-де оқшауланып, 03:03-те сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - газ-ауа қоспасының жануы. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан кетіп үлгерген, олар ауруханаға жатудан бас тартқан", – деді ТЖД өкілдері.

Оқи отырыңыз: Елімізде темекі өнімдеріне тыйым салына ма

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир