Көкшетауда әйел өзінің 32 жыл отасқан күйеуін пышақтап өлтірді

27.03.2019 20:45

Марқұм ауруханада есін жимастан қайтыс болды

SN.kz

26 наурыз күні Ақмола облыстық ауруханасына пышақ жарақатымен 1962 жылы туған ер адам жеткізілді, деп жазады kokshetau.asia.

Сағат 18:00-де ер адам 1965 жылғы әйелімен спирттік ішімдік ішкен. Араларында жанжал шығып, келіншегі күйеуінің кеудесіне асүй пышағын сұғып алған. Марқұм ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

Ерлі-зайыптылардың 1987 жылы отбасын құрғаны белгілі болды. Олардың ортақ некелерінен 1986 жылғы қыздары бар екен.