Елордалық өрт сөндірушілер құрғақ шөптен шыққан өртті екінші күн сөндіріп жатыр
Almaty.tv
Өрттің жалпы ауданы 80 гектар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордалық төтеншеліктер құрғақ шөп өртімен екінші тәулік арпалысып жатыр. Кешелі бері тілсіз жауды сөндіруге 150-ден астам адам мен 35 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 150 тоннаға жуық су шашқан. Соның нәтижесінде таңғы 9:00-де басталған қызыл жалын кешке бір-ақ оқшауланған. Өрттің жалпы ауданы – 80 гектар. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетсек, Қосшы қаласы мен Қараөткелдің арасында қамысқа от тиіп, арты қызыл жалынға ұласты.
«Әуеден 60 рет 200 тоннаға жуық су төгілді. Өртті жоюға маңайдағы Ақмола және Қарағанды облыстарынан қосымша техника мен адам жұмылдырылды», – деді қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34