Бүгін Алматы әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Әлеуметтік желілерде халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағында болған оқыс оқиғаның видеосы тарап кетті. Кадрлардан жеңіл автокөліктің ұшақ қанатының астында қалғанын байқауға болады.
Әуе кемесінде Бакуден келген жолаушылар болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
«14-ші тұрақ орнында әуе кемесі мен әуежай қызметтерінің бірінің автокөлігімен соқтығысқанын растайды. Ұшақ Flejet.kz компаниясына тиесілі», – деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің басшысы Найля Жабагина.
Айта кетейік, ұшақ бортында «Қайрат» клубының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.