Атырауда 40 млн теңгеге салынған қоғамдық дәретханалар жарамсыз болып қалған

Almaty.tv
Almaty.tv
Әрқайсы 7,5 млн теңгеге қойылған әжетханалар әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы әрқайсы 7,5 миллион теңгеге қойылған қоғамдық әжетханалар әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр. Қомақты қаржыға сатып алынған дүниенің жарамсыз болып тұрғанына көпшілік наразы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Орнатылғанына 1 жыл өткен әжетханалардың қазір күйі қашқан. Тұтқасы сынып, қабырғасы тілінген. Ал жауаптылар бұл нысандар арнайы мекеменің қарауында дейді.  

«Атырау қаласында 6 қоғамдық әжетхана жұмыс жасап тұр. Атап өтсек, олар Махамбет-Исатай алаңында, Жайық жағалауы бойында, Қ.Смағұлов аллеясында, Жастар саябағында, Жеңіс саябағында, Авангард мөлтек ауданының соңғы аялдамасы маңында орналасқан. Соңғы атап өткен аялдама сенімгерлік басқаруға берілген. Ал қалған бесеуі арнайы автобаза мекемесімен тазалық жұмыстары жүргізіліп, керекті заттармен жабдықталуда. Өзінің жұмыс уақытында ашық тұрады», – деді қалалық Тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы Данияр Ғарифолла.

Аталған 6 әжетхананың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады. Жауаптылар өз кезегінде қазынадан қыруар қаржыға қойылған қоғамдық әжетхана жуық арада пайдалануға беріледі деп отыр.  

Новости партнеров