Ауыр жарақат алған 1964 жылы туған көлік жүргізушісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген
Маңғыстауда «Mercedes-benz» маркалы көлігі жол жиегінде жайылып жүрген түйеге соғылған. Салдарынан көлікте отырған әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ауыр жарақат алған 1964 жылы туған көлік жүргізушісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның Қарақия ауданы Құрық ауылының тұрғыны екені анықталды.
«Жол-көлік оқиғасы шамамен кеше кешкі сағат 19:15-те «Ақтау – Құрық» тасжолында болған», – деді ПД Тілдерді дамыту және ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибадуллаева.
Сондай-ақ, дәл осы «Ақтау-Құрық» тасжолында «Renault Sandero» маркалы автокөлігі кеше кешкі саған 20:00 шамасынла жылқыны қағып кеткен. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Айта кетсек, өңірде жыл басынан бері көліктің жануарлармен соқтығысуының 12 дерегі тіркелген.