Маңғыстауда теміржолға шығып кеткен көлік жүргізушісі көз жұмды

05.12.2023 в 20:49

Оқиға 4 желтоқсанда сағат 04:50 шамасында болған

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында Toyota Camry көлігі теміржол рельстеріне шығып кеткен. Автокөліктің 42 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шетпе ауылындағы теміржол бойында болған жол-көлік оқиғасы туралы шақырту 102 кезекші пультіне 4 желтоқсанда сағат 04:50 шамасында түскен.

«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.