Оралда түн ішінде өрт болған үйден 41 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 7 сәуір күні сағат 00.52-де А.Тайманов көшесі 221-мекенжайында көпқабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Өрт оқиғасын барлау барысында 8-қабаттағы №807-5-пәтерде жиһаз бен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.
Құтқарушылар аталған үйден 41 адамды алып шықты, соның 12-сі – балалар.
Жеке құрамнан 14 қызметкер 6 техникамен жұмылдырылды.
«Тілсіз жау» сағат 01.22-де оқшауланып, 02.05-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үйлерді су басу қаупі туындағанын жазған болатынбыз.