Нью-Йорк қаласында үй өртеніп 240 адам эвакуацияланды
ҚазАқпарат
Өрттің әлі сөндірілмегені атап өтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан кем дегенде 21 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазіргі кезде 90 отбасы эвакуацияланды, бұл шамамен 240 адам. Оқиға орнында 350-ден астам өрт сөндіруші мен жедел жәрдем қызметкері жүр. Абырой болғанда, күрделі жарақат алғандар жоқ, 21 пациент, соның ішінде 16 өрт сөндіруші жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді», – делінген өрт сөндіру қызметінің мәліметінде.
CNN телеарнасының хабарлауынша, өрт оқиға Куинс ауданындағы 150 пәтерлік үйде орын алған. Үйдің алтыншы қабатында басталған өрт жалыны жоғары қабаттарды шарпыған. Өрттің әлі сөндірілмегені атап өтілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34