Индонезияда жер сілкінісінен үйінді астында қалған бала құтқарылды
zakon.kz
2 мыңға жуық адам жарақат алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Индонезиялық өрт сөндірушілер сәрсенбі күні Ява аралында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 45 сағаттай өз үйінің астында қалған 5 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүйсенбі күнгі 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 271-ге жетті, 151 адам із-түзсіз жоғалып, 2 мыңға жуық адам жарақат алған. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
«Азканы өрт сөндірушілер тобы таңғы сағат 10:40-та құтқарды», - деді Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің өкілі Анисса Новрианти баланың есімін атай отырып.
Осыған дейін Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 160-тан асқанын жаздық.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37