Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваның жазасы жеңілдеді

almaty.tv
almaty.tv
Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев сотталған әйелдің 6 наурыз күні түрмеде екінші баласын босанғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денис Теннің өліміне қатысы бар деп сотталған Жанар Толыбаева жазасын қауіпсіздігі төмен калонияда өтейтін болды. Жазаның жеңілдеуіне Толыбаеваның жуырда ғана түрмеде босануы себеп болған. Бұл туралы Толыбаеваның қорғаушысы Амангелді Сариев бүгін Алматыда өткен апелляциялық сот отырысы кезінде мәлімдеді.

4 жылға сотталған қылмыскер әйел 6 наурызда екінші рет ұлды болған. Бұған дейін шыққан соттың үкіміне қанағаттанбаған жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірген еді.

«Біздің айтқан талаптарымыз негізді. Әділетті болуы керек. Қоғамға да бұл істің әділетті әрі ашық болғаны қажет. Қоғам соны талап етті. Халық қауіпсіздікте өмір сүруі тиіс», - дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан СИҚЫМБАЕВ.

Марқұм Денис Теннің туыстары болса алғашқы сот отырысына қатыспаған куәгерлерден де жауап алу керек деп санайды. Олар өлімді «тапсырыспен жасалды» деп санайтындықтан, істі  қылмыстық кодекстің 44-бабы бойынша қайта қарап, шетелден түскен қоңырауларды тексеруді соттан талап етті. Алайда, қалалық соттың судьялары Денис Теннің өліміне қатысы бар деп 18 жылға сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың жазасын өзгертусіз қалдырды.

Новости партнеров