Ол туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді
Ақмола облысында балаға дөрекілік танытқан тәрбиешіге қатысты іс қозғалды. Ол туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Щучинск қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алған. Бұл іс әлеуметтік желілерде бейнежазба жарияланған кейін қозғалып отыр. Онда тәрбиеші отырған баланың астындағы орындығын тартып алады, кейін ұйықтап жатқан төсегінен тұрғызып, сүйреп алып кетеді. Әрі қарай не болғаны белгісіз. Ал, білім басқармасындағылар тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.