Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен 2 айлық сәби табылды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Сәбиді анасы көрпеге орап, тастап кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды, көкек ана іздестірілуде,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Сәби ауруханаға жеткізілді. 

Сәби Қарағандыдағы облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер сәбидің жағдайын тексерді, денсаулығы жақсы. Алайда балада сарғыштық байқалғандықтан, медицина қызметкерлері оның бауырын да тексереді.



Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Новости партнеров