Павлодар тұрғыны мас күйінде пәтерді өртеп, 5 қабаттың терезесінен секірген

24.02.2023 20:55

Көрсетілген мекенжайға тергеу-жедел тобы жіберілді

ivanovonews.ru

23 ақпан күні сағат 18:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына "ер адам пәтерді өртеп, 5 қабаттан секірді" деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрсетілген мекенжайға тергеу-жедел тобы жіберілді. Полиция пәтерде 36 жастағы ер адам анасымен бірге тұратынын анықтады. Ол мас күйінде пәтерді өртеп, 5 қабаттың терезесінен секірген. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Өрт сол жерде оқшауланды.

Жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Істің мән-жайы мен себебі тексеру барысында анықталып жатыр.