Алматыда карантин кезінде рұқсат етілген су қоймаларында шомылуға тыйым салынды

newtambov.ru
newtambov.ru
Бұл туралы бүгін қалалық Төтенше жағдай департаментінің қорғаныс басқармасының басшысы Тұрысбек Сартаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда рұқсат етілген су қоймаларда карантин кезінде шомылуға болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін қалалық Төтенше жағдай департаментінің қорғаныс басқармасының басшысы Тұрысбек Сартаев айтты. Шомылу маусымы таяғандықтан төтеншеліктер қала тұрғындарын карантинді сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды. Бүгінде қала арқылы 28 өзен ағып өтеді. Бұған қоса тағы шаһар аумағында 26 су қойма бар. Алайда оның тек төртеуінде ғана шомылуға рұқсат етілген еді.

«2019 жылы Алматыдағы су қоймаларында 8 адам қаза тапты. Атап айтсақ, оның 3-уі- оқыс оқиға, 11-і суицид, біреуеуі криминалды, біреуі тыйым салынған жерде шомылу, енді бірі баланы қараусыз қалдыру және тағы біреуі мас күйінде суға түсу деректері тіркелді. Сондай-ақ құтқарушылар былтыр 65 адамның өмірін сақтап қалды. Оның 36-сы бала», – деді қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Тұрысбек САРТАЕВ.

Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларына қатаң мән беру керек дейді. Әсіресе, олар балаларды жағажайларға жалғыз қалдыруға, тыйым салынған жерлерге суға түсуге, қайықтан немесе көпірден суға секіруге, түнгі уақытта және мас күйінде шомылуға болмайтынын ескертті. Тәртіпті қадағалау үшін төтеншеліктер мен жергілікті полицейлер ертеңнен бастап қала аумағындағы су қоймалардың маңын аралап, арнайы рейдке шықпақ.

«Егер осы жерлерде және басқа да қалған су қоймаларында, тау өзендерінде  –   Есентай, кіші және Үлкен Алматы сияқты каналдарында, болмаса өзендерінде шомылып жатқан адамдар болатын болса, бірінші кезде ескерту болады. Ескерту базаға тіркеледі және екінші рет сол адам қайтадан шомылғаны байқалатын болса, 2 АЕК көрсеткіш бойынша 5556  теңге айыппұл төлейді», – деді  қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бекболат БҰҒАБАЕВ.

Сонымен қатар, мамандар кішкентай балалары бар ата-аналар өте сақ болса дейді. Өйткені соңғы жылдары балалардың терезелерден құлау фактілері жиілеген. Биыл наурыз айынан бері қалада осындай екі дерек тіркеліп, бір бала оқиға орнында мерт болған.

Новости партнеров