Жобада ұзындығы 2,3 км тротуарлар мен веложолдарды орнату көзделген
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралау барысында жол инфрақұрылымын дамыту қарқынымен танысты. Мегаполис басшысына Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жолайрығын салу, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан салынып жатқан жолайрығына дейін Саин көшесін тесу жұмыстары туралы баяндалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәселен, «беде жапырағы» типі бойынша жолайрығын іске қосу БАКАДҚА шығу кезінде екі үлкен магистральға көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жобада ұзындығы 2,3 км тротуарлар мен веложолдарды орнату көзделген.
Бүгінгі күні инженерлік желілерді шығару, тоннель мен рампаны бетондау жүргізілді, съездерді орнату, жарықтандыру, съездерді асфальттау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ұзындығы 3,2 км болатын Рысқұлов даңғылынан Саин көшесі бойында салынып жатқан жолайрығы бағытында тесу жұмыстары жалғасуда. Момышұлы көшесінен көлік жүктемесін 30%-ға төмендетіп, Рысқұлов даңғылының оңтүстігінде және Мөңке би көшесінің солтүстігінде Саин көшесінің учаскелерін қосуға арналған.
Жолды әр бағыт бойынша тротуарлармен және велосипед жолдарымен үш жолақ салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 66 жер учаскесінің 65-і сатып алынды, инженерлік желілерді қайта құру, жер төсемінің, тротуарлар мен веложолдардың негізін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның аяқталуы ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.
Ерболат Досаев нысандардағы жұмыстарды жеделдетуді және шілденіңсоңында жолайрығында жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырды.