Қарағанды облысында 2 баланы көлік қағып кетті

01.02.2022 20:58

5 жастағы бала мен 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді

novyny.live

Қарағанды облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 2 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 18.00 шамасында Тәттімбет көшесінің бойында болған. Соның салдарынан 5 жастағы бала мен 15 жастағы жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факт полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.