Міндетін дұрыс атқармаған тәрбиеші жазаланды
Оралда 3 жасар қыздың ыстық сорпаға күйіп қалу оқиғасы бойынша балабақша басшысына тәртіптік жаза қолданылды, Аlmaty.tv деп хабарлайды inform.kz-ке сілтеме жасап.
Орал қаласы білім беру бөлімінен мәлім еткендей, түскі ас кезінде күйіп қалған бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақыртылған.
- Оқиға бойынша зерделеу жүргізілді. Өз лауазымдық міндеттерін атқару барысында өрескел кемшіліктерге жол берген тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылады. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі міндетін атқарушыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді, - деп хабарлады ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Елімізде қанша адам орган ауыстыруға мұқтаж