|
24.09.2021 | 16:48
3478

Жамбыл облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жамбыл облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты inbusiness.kz

Жамбылда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

23 қыркүйек күні түнгі сағат 23:00-дер шамасында Жуалы ауданы маңындағы тасжолда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, жалын тұтанған. Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы отқа оранған көліктен шығып үлгермей, оқиға орнында жан тапсырды. Ал жүк көлігін тізгіндеген ер адам мен жолаушысы ауыр жарақатпен аудандағы ауруханаға жеткізілді, 

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Екі көліктің қалай соқтығысқаны анықталып жатыр. Ол үшін бірқатар сараптама тағайындалды.

«Бауыржан Момышұлы және Қошқарата тасжолында Audi мен ЗИЛ жүк автокөлігі соқтысты. Апат салдарынан от шығып, Audi автокөлігінің ішіндегі жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Жуалы ауданы ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ардақ Әміребек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир