|
26.09.2021 | 09:52
9391

Алматыда 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтіп жатыр

Аталмыш шара коронавирусқа байланысты бірнеше рет кейінге шегеріліп келген болатын

Алматыда 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтіп жатыр Фото: из открытых источников

Алматыда 26 қыркүйек күні жүгіруден оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Биыл оныншы рет өткелі отырған марафон коронавирусқа байланысты бірнеше рет кейінге шегеріліп келген болатын.

Аталмыш шарада спорт әуесқойларына келесі қашықтықтар берілген: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс.

Сөре уақыты:

07:30 – 42,2 км және Экиден

07:40 – 21,1 км

07:55 – 10 км

08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс.

Оқи отырыңыз: Алматыда демалыс күндері қандай көшелер жабылады

10 км – жарысқа 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.

10 км скандинавиялық жүріс – жарысқа 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады. Қашықтықты міндетті түрде скандинавиялық жүріске арналған таяқшалармен жүріп өту қажет. Жүлделі орындар мен марапаттау қарастырылмаған.

21,1 км – жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатыса алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай жүлде, медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.

42,2 км – жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатыса алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай жүлде, медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.

Экиден командалық эстафетасы – 6 адамнан тұратын командаға 16 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, кубоктар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріледі.

Жалпы жүлде қоры: кейінірек айтылады.

Қатысу құны:
10 км – 7000 теңге.
10 км скандинавиялық жүріс - 7000 теңге. 
21,1 км – 8000 теңге.
42,2 км – 9000 теңге.
Экиден командалық эстафетасы – 150 000 теңге.

Қатысушылардың сөрелік жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігі жыл сайынғы қайырымдылық мақсаттарын іске асыруға бағытталатын болады.

Старттық жиынтықтар 24-25 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21: 00-ге дейін беріледі мекен-жайы: Тимирязев көшесі, 42, Атакент КІЫО, 11 павильон.
Басқа күндері бастапқы жиынтықтар берілмейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир