Алматы полициясы кәмелетке толмаған 24 баланы көлік фараларын жуып жатқан жерінен ұстады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Оларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының ювеналды полициясының қызметкерлері қала көшелерінде автокөліктердің фараларын сүртіп, жуумен айналысатын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша алдын-алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде тамыз айының басынан бастап осыған ұқсас 24 факт анықталды.  Екі жағдайда, кәмелетке толмағандар 16 жаста болды, демек, олар құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылады және өз әрекеттері үшін толық жауап бере алады. Оларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Кішкентай балалар және олардың ата-аналарымен болашақта осындай фактілерді болдырмау туралы алдын-алу әңгімелері өткізілді. Ересектерге, атап айтқанда, құқық бұзушылық болған жағдайда, олардың ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Бақытымызға орай, жасөспірімдер арасында қайталанған жағдайлар анықталған жоқ», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Сонымен қатар полиция, сұхбаттасқан ата-аналардың көпшілігі балаларының не істеп жатқанын білмейтіндіктеріне шағымданады деп атап өтті. Олар бірауыздан, аулада жүрген балалар, ақша табу үшін жасырын көшелерге қашып кетті дейді.

Новости партнеров