Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы № 26 разьезд аумағында болған.
Жүк пойызының машинисі теміржолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан.
«Оқиға барысында 11 бас қой пойыздың астына түскен. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қойлардың иесі 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деп мәлім етті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінен.
Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалығының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді.
Теміржол маңында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Ер адамның жақсы әке болатынын көрсететін белгілер