|
19.03.2021 | 18:59
11713

Алматыда Байсат базары өртенді

Өрт сөндірушілер 3 минутта оқиға орнына барған

Алматыда Байсат базары өртенді Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматыда Байсат базары өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv  

Алматыда Байсат базарына тиесілі 180 метр шаршы аумақты қызыл жалын шарпып, автокөлік пен телефонға арналған қосалқы бөлшектер жанып кетті. Оқыс оқиға бүгін түскі уақытта болған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше сағат 14:51 де хабарлама келіп, өрт сөндірушілер 3 минутта оқиға орнына барған. Зардап шеккен адам жоқ.

Бұл жыл басынан бергі қаладағы үлкен аумақты шарпыған өрт дейді төтеншеліктер. Себебі, тілсіз жауды сөндіру үшін төтенше жағдайлар қызметінен 100-ден астам маман мен 27 техника, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің 8 бригадасы жұмылдырылған. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

«Алдын ала ақпарат бойынша 14-15 контейнер аралығында дәнекерлеу жұмыстары өткен. Жапсарлас орналасқан контейнерлерге өрттің таралуы мүмкін болды. Бірақ тез арада 45 минуттың ішінде өрт оқшауланып 1 сағаттың көлемінде 180 шаршы метр толығымен жойылды», – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир