|
Jol
25.04.2020 | 16:01
13934

Алматыда жол-көлік апатынан полицейлер зардап шекті

Оқиға 25 сәуір күні түскі сағат 13.00 шамасында Түрксіб ауданында болған

Алматыда жол-көлік апатынан полицейлер зардап шекті стоп-кадр из видео

Алматыда полиция қызметкерлері отырған көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнекөріністен полиция көлігінің ақпараттық жарнама қалқанына соғылып, жолдың шетіне шығып кеткені көрінеді. Қызметтік көлікке біршама зақым келгені байқалады. Полиция көлігінің жанында Toyota маркалы тағы бір көлік тұр, ол жол-көлік апатының тағы бір қатысушысы болуы мүмкін.  

Полция департаментінің ақпаратынша, оқиға 25 сәуір күні түскі сағат 13.00 шамасында Түрксіб ауданында болған. 

«Toyota көлігінің 1986 жылғы жүргізушісі Клара Цеткин көшесінің бойымен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Бекмаханов көшесінің қиылысына жеткенде ол жол беру белгісін елемей, басты жолға шығып кеткен. Ал бұл уақытта Бекмаханов көшесімен шығыс бағытқа қарай полиция көлігі келе жатқан. Toyota жүргізушісі сол сәтте полицияның қызметтік автокөлігіне соғылған», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік апаты салдарынан апат кезінде қызметтік көлікте отырған үш полиция қызметкері зардап шеккен. Олардың бәрі түрлі дене жарақаттары мен жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы Түрксіб аудандық Полиция басқармасы анықтап жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир