Түркістан облысында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам ұсталды

26.04.2020 в 21:01

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

открытые источники

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адамның медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба тараған болатын. Аталған жайт Мақтаарал аудандық Полиция басқармасына «қорқыту» фактісі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін хаттама толтырылды. Аудандық соттың қаулысымен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.