Абай облысында төтенше жағдай: бензин цистернасы өртенді

06.01.2024 21:02

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

polisia.kz

5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды.

Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шашылды.

Өрт сағат 20:30-да сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жаға ұстатар қылмыс болды