Ақтөбеде мектеп оқушысы суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
12 маусым күні сағат 17:10-да Елек өзені бойындағы жабайы жағажайға демалуға барған отбасы бір баласынан айырылып қалды. Облыстық Полиция департментінің хабарлауынша, анасы төрт баласын ертіп, суға шомылған.
Сол кезде 10 және 12 жастағы екі бала тереңнен шықпай қалған. Жағалауда жүрген ересектер мен құтқарушылар екі баланы шығарып, медициналық көмек көрсетті.
Өзен маңында 12 жасар бала есін жиып, 10 жастағы баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
«Күн ысығанда адамдар жағажайға барады. Бірақ сақтық шарасын естен шығармаған жөн. Әсіресе суға түсуге тыйым салынған аумақ өте қауіпті. Жыл басынан бері осымен екінші бала суға батып кетті», - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.