Жамбылдық полицейлер есірткі затын Оңтүстіктен орталық Қазақстанға тасымалдаған 36 жастағы күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Енді оған қатысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін. Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азамат Шу ауданынына қарасты Төле би ауылының тұрғыны. Тінту жүргізу барысында оның үйінен аса ірі мөлшерде «гашиш» есірткі заты табылды. Тәртіп сақшылары оны тәркілеп, күдіктінің қолына кісен салып алып кетті.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.