|
26.05.2020 | 16:02
1103

Экс-әкім Болат Бақауовтың ісі қылмыстық сотқа жетті

Іске қатысты кей құжаттарда Бақауовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны айтылады

Экс-әкім Болат Бақауовтың ісі қылмыстық сотқа жетті Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі қылмыстық сотқа жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы сот отырысы ертең өтеді. Іске қатысты кей құжаттарда Бақауовтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандығы айтылады. Еске салайық, биыл қаңтарда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов ұсталып, үй қамаққа алынғаны хабарланған еді.  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген. 

Ал 17 қаңтарда Павлодардың тергеу сотында істің анық-қанығы белгілі болды. 2019 жылы AksuTransLogistik компаниясының кешенді салықтық тексерісінің нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. 2014 пен 2018 жылдар аралығында 200 миллион теңге көлемінде ақша жымқырылғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тексеріс кезінде экс-әкім 2 айға қамауда болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир