Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді
Ашық құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланың өліміне байланысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді.
«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өліміне байланысты «Міндетке сенімсіздік таныту» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.
Тергеу бойынша тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында жолаушылар көлік апатынан мерт болды