|
04.11.2019 | 12:33
4743

Алматыда мейрамхана өртенді

Жалын жалпы аумағы 200 шаршы метрді шарпыған

Алматыда мейрамхана өртенді ДЧС Алматы

Бұл жолы Бостандық ауданындағы Дулати көшесінде орналасқан «Ақсарай» кешенінің асхана бөлмесін қызыл жалын шарпыды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Будақтаған қара түтін демалыс күні таудан қайтқандардың зәресін алды. Көпшілік алғашында тұрмыстық қалдықтарды өртеп жатыр ма деп ойлап қалған көрінеді. Сөтсе отқа оранып жатқан табиғат аясында орналасқан мейрамхана екен.

Алмарасандағы өртке оранған мейрамхананың қазіргі жағдайы міне осы. Көріп тұрғанымыздай өрт мейрамхананың асханасынан шыққан секілді. Қазір бізге көрініп тұрғаны асханадағы тоңазытқыштардың арты ғана белгілі. Ал, онда адамдар бар ма жоқ па әзірге белгісіз.  

Қуанышқа орай оттан зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан сәтте  көңіл көтеретін орында ешкім болмаған. Белгілісі қызыл жалын асхананы шарпыған. Куәгерлер болса, тек қара түтінді байқағанын айтады.  

«Мен осы маңда тұрған соң, мейрамхананың жанымен жиі өтемін. Алғашында түтінді көргенде біреу от жағып жатыр ма деп ойладым. Жақындасам мейрамхана өртеніп жатыр екен. Бірден өрт сөндірушілерді шақырдым», – деді Святослав ЛИЧЕВСКИЙ.

Алдымен электр қуатын ажыратылды. Өрт сөндірушілерге көшеде сумен қамту құбырларының болмауы айтарлықтай қиындық туғызған. Сол себептен суды жақын маңдағы қоймалардан тасуға тура келді. Өрт сөнідруге жеке құрамның 27 адамы төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы жұмылдырылды.  

«Өрт сөндіруге жеке құрамның 27 адамы, төтенше жағдайлардың 6 бірлік техникасы, Сондай-ақ полиция департаментінің қызметкерлері өзара қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт 16 минутта оқшауланып, 28 минуттың ішінде толығымен жойылды», – дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА.

Өрттің басталғанына 10 минут болар болмас уақытта дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер жалыгн асханадан кейінгі жазғы терассаға өтіп кетпес үшін жанталасып жатыр. Белгілісі ол жаққа от әлі өтпеген секілді. Біраз өрттің ашуы басылған секілді.     

Арнат Дүйсен, Валерий Таубалдиев «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир