Алматыда жерасты өткелінде қыз зорлаған күдікті ұсталды

15.05.2020 21:23

Алматылық жас қыз бір ай бұрын зорлық көрген болатын

Фото: Спутник Казахстан

Алматыда қызды жерасты өткелінде зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық жас қыз бір ай бұрын зорлық көрген болатын. Түнге қарай үйіне қайтып келе жатқанда оны Райымбек даңғылының бойында, Яссауи көшесінің батысында белгісіз адам күтіп тұрған.

«Қаскүнем қызды жерасты өткелінде байқап, бас салып құлатып, дене жарақатын салады да, адам аз жүретін жерге сүйреп апарып, зорлаған. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жәбірленушінің айтуынша, қаскүнемнің сурет эскизі жасалған. Қараңғыда қаскүнемнің бет-әлпетін байқап, оның мінез-құлық ерекшеліктерін есте сақтау мүмкін емес екені түсінікті. Бірақ қыз тергеуге осы қылмыстың ашылуында маңызды рөл атқаратын ақпараттарды ұсынды. Жақында күдікті ұсталды. Ол 39 жастағы, Алматыда тұрақты жұмысы және тұрғылықты жері жоқ азамат болып шықты. Кездейсоқ пайда табумен күн көріп жүрген күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол қылмыс жасаған кезде мас болғанын айтты. Қазір ол қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша іс қылмыс негізінде тергелуде», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.