|
07.12.2021 | 16:05
1217

Саусағынан сақинасын шеше алмаған бала құтқарушыларға жүгінді

Сақина 5 күн бұрын тағылған және басында оңай алынып, салынған

Саусағынан сақинасын шеше алмаған бала құтқарушыларға жүгінді  ҚазАқпарат

Құтқарушылар 16 жастағы жасөспірімнің саусағынан сақинаны шешті. Саусақ ісінгендіктен сақинадан шықпай қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кеше түстен кейін болған. ТЖД-ға Саран қаласының орталық ауруханасынан 10-сынып оқушысы сақинаны шеше алмай қалғаны және құтқарушылардың көмегі қажет болғаны жайлы хабар түскен. Белгілі болғандай, сақина 5 күн бұрын тағылған және басында оңай алынып, салынған. Бірақ кейіннен бала өздігінен шеше алмаған. Сақинаны алып тастауға әртүрлі әрекеттер жасалды, тіпті болгаркамен кесуге тырысқан, алайда соның салдарынан саусақ терісін жарақаттап алған. Нәтижесінде саусақ одан да қатты ісініп кеткен. Құтқарушылар құралдың көмегімен жасөспірімнің ісінген саусағынан сақинаны шығарды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир