Көлік полицейі пойыз астына түсе жаздаған әйелді құтқарып қалды

02.01.2022 21:05

Полиция аға сержанты Саят Қадыров Ақмола облысында дүниеге келген

стоп кадр

Полиция аға сержанты Саят Қадыров пойыз астына түсе жаздаған 36 жастағы елордалық әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап

«Пресногорьковка – Павлодар» бағытындағы пойыз жолаушысы Бурабай курорты станциясында теміржол платформасындағы дүңгіршекке өту үшін вагоннан шыққан. Ол «Қарағанды-Қостанай» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызын байқамай қалған. Бақытымызға орай, жақын жерде полицияның аға сержанты Саят Қадыров болды, ол тез әрекет етіп, жолаушының пойыз астына түсіп қалуына жол бермеді. Әйел өзін құтқарып қалған тәртіп сақшысына алғыс айтты», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция аға сержанты Саят Қадыров Ақмола облысында дүниеге келген. ҚР ҰҚК Шекара қызметінде мерзімді қызмет өткерген. 2018 жылдан бастап Бурабай курорты станциясында полицияның желілік бөлімшесінің патрульдік полиция тобында жұмыс істейді. Өз кезегінде Көліктегі полиция департаментінің басшылығы адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Саят Қадыровты марапаттау туралы шешім қабылдады.