Басына диван құлады: Ақтау тұрғынының өліміне кім кінәлі

17.05.2024 21:07

Диван қай пәтерден құлағаны белгілі

elements.envato.com

Ақтауда 39 жастағы ер адамның өліміне кінәлі азамат бір жылдан бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

2023 жылғы қаңтарда Ақтаудағы 11-шағынауданда тұрғын үйден өтіп бара жатқан адамның басына диван құлап кеткен. Зардап шеккен ер адам ес-түссіз күйде табылды. Мойын омыртқасының сынған адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. 2023 жылғы тамызда ер адам ауруханада қайтыс болды.

Оқиғадан бері бір жылдан астам уақыт өтсе де, қайғылы жағдайға кінәлілерді әлі таба алмайды. Бұл туралы марқұмның туысы хабарлады.

- Кінәлілер әлі табылмай жатыр. Диван қай пәтерден құлағаны белгілі. Пәтердің есікті қаққан сәтте үйде балалар болған, ал күйеуі мен әйелі дүкенге кеткен. Тергеу жүріп жатқанына бір жыл бес ай өтті. Біз кінәліні табуға тырысып жатырмыз. Қанша күш жұмсадым, көмек сұрадым, бірақ полицейлер штатта артық маман жоқтығын айтты, - деді марқұмның туысы. 

Маңғыстау облысының Полиция департаменті қылмыстық іс бойынша мерзімдер 2023 жылғы қыркүйекте тоқтатылғанын хабарлады.

- 2023 жылғы 13 қаңтарда осы дерек бойынша Ақтау полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеруді бастады. Нәтижесінде 2023 жылғы 14 қыркүйекте Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша мерзімдер үзілді (күдікті адам анықталмағандықтан). Қабылданған шешіммен Ақтау қаласының прокуратурасы келісті, - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері.

Алайда Марқұмның туыстары істі қайта қарауды талап етіп, қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шарасы қолға алынды. 

Оқи отырыңыз: Жезқазған қаласының тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды