Маңғыстауда жол апатынан 11 адам зардап шекті
2 ер адам апаттан қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шетпе-Жетібай бағытында жолдағы көлік апатынан 11 адам зардап шекті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысып қалған. Жол апатынан зардап шеккендер Жетібай ауылдық ауруxанасына жеткізілді.
2 ер адам апаттан қаза тапқан. Ал, тағы бір жігіт қазір ауыр xалде жансақтау бөлімінде жатыр. Оның миы шайқалып, басына зақым келген.
Тағы 3 әйел әр түрлі жарақатпен облыстық ауруxанаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында туғанына 19 күн болған сәби де бар. Бала қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45