Әзірге оқиғаның нақты қай өңірде болғаны белгісіз
Әлеуметтік желіде өлі тазылардың видеосы тарады. Бейнеден мойнына қарғы байланған бірнеше иттің контейнерде үйіліп жатқанын байқауға болады. Сондай-ақ, жануарлардың әрқайсысына тиесілі құжаттары да бар екен.
Видео зооқорғаушылардың ашуын туғызған. Желіде олар түрлі пікір қалдырыпты. Әзірге оқиғаның нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Экология министрлігінің баспасөз хатшысы соңғы айда министрлікке жануарларды аулау ісі бойынша 100-ге жуық хабар түскенін айтады. Самал Ибраеваның айтуынша, қастандық жасағандар анықталса, шара қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.