ҰҚК баспасөз қызметі Қазақстанның мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде автомобиль өткізу бекеттері уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шекара қызметіның мәліметінше, 2020 жылғы 4 сәуірде сағат 00.00-ден бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде автомобильдік өткізу пункттері уақытша жабылады.
Қаулы 30 наурызда қабылданған.
Келесі автомобиль өткізу бекеттері жабылады:
Қытай Халық Республикасымен шекара арқылы өткізу бекеттері:
Көлжат (Алматы облысы)
Бақты (ШҚО)
Майқапшағай (ШҚО)
Ресей Федерациясымен шекара арқылы өткізу пункттері:
Қондыбай (Қостанай облысы)
Ақбалшық (Қостанай облысы)
Қызыл Жар (СҚО)
Найза (Павлодар облысы)
Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы)
Байтанат (Шығыс Қазақстан облысы)
Қоянбай (Шығыс Қазақстан облысы)
Орда (Батыс Қазақстан облысы)
Шаған (Батыс Қазақстан облысы)
Қарашатау (Ақтөбе облысы)
Қырғыз Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:
Ауқатты (Жамбыл облысы)
Қордай (Жамбыл облысы)
Сыпатай батыр (Жамбыл облысы)
Сартөбе (Жамбыл облысы)
Кеген (Алматы облысы)
Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:
Целинный (Түркістан облысы)
Сырдария (Түркістан облысы)