Щучинскідегі қайғылы жағдай: Жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты тың деректер жарияланды
Zakon.kz
Lexus-та тізгіншіден бөлек арам суға сылқия тойған тағы екі жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Щучинскідегі қайғылы жағдайға әкеп соққан апатқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Polisia.kz порталының хабарлауынша, екі полицейдің өліміне кінәлі жүргізуші рөлге мас күйінде отырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша оқиға қылмыстық кодекстің 346-бабының 6-бөлігіне қайта сараланды. Lexus-та тізгіншіден бөлек арам суға сылқия тойған тағы екі жолаушы болған. Олар қазір ауруханада жатыр.
Еске салсақ, Ақмола облысы Щучинск елді мекенінде жантүршігерлік жол апаты орын алған еді. Полиция мәліметінше, Lexus көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada көлігіне соғылған. Полиция қызметкерлері оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34