ҚР ТЖМ Костенко шахтасынан 32 адамның денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше,сағат 16.00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кенші әлі іздестіріліп жатыр.
"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:Костенко шахтасындағы апат: Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады