Үш жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды

06.10.2023 21:11

Баланы босату үшін құтқарушылар тобы көмекке шақырылды

ekaraganda.kz

Қарағандыдағы сауда орталықтардың бірінде үш жасар бала эскалаторға қолын қысып алды. Баланы босату үшін құтқарушылар тобы көмекке шақырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбидің қолы эскалатордың механизміне қыстырылып қалған. ТЖ департаментінің құтқарушылары сағат 11:48-де шақырту алған.

«Бұл Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. Баланың қолын босату үшін құтқарушылар арнайы құралды пайдаланды. Бала құтқарылды. Зардап шеккен бүлдіршін дәрігерлер бригадасына тапсырылды», - деді Қарағанды облысы ТЖД.