ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препаратты синтездеп алды. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тішісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап .
Препарат жаңа фосфор органикалық қосылыстары негізінде алынған. Ақбота Қуандықованың айтуынша, ол картоп, сәбіз, пияз, қызанақ секілді көкөністердің өнімділігін арттырады. Синтездеу жұмысын жас ғалым микротолқынды сәулелерді пайдалана отырып жүргізген.
Препарат далалық және зертханалық жағдайда сынақтан өтті.
- Жас ғалым препаратты ойлап таппас бұрын біраз уақыт тынымсыз зерттеу жүргізген. Химия ғылымдарының докторы, профессор Булат Джиембаев жетекшілігімен өзінің табандылығы арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Ақбота Қуандықоваға бұл жаңалықты ашуға әріптесі, оқытушы Бану Диярова синтез барысында қатысып, көмектескен, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалымдар неге шетелге кетеді