Оралға ұшып шыққан ұшақ жолаушының жағдайына байланысты Алматыға қайтып келді

02.03.2024 20:12

Оралға рейс енді 16.00-де ұшады

elements.envato.com

Алматы-Орал КС 881 рейсін бүгін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты Алматыға қайтып келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Air Astana-ның баспасөз қызметі хабарлады.

"Әуе кемесінің командирі дәрігерлерді Алматы әуежайына шақырды. Ұшақ сағат 15:10-да штаттық режимде қонды", - деп хабарлайды Air Astana-ның баспасөз қызметі.

Науқас жолаушы жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Оралға ұшақ енді 16.00-де ұшады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кетті