Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Оқиға бойынша тексеру басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Физика пәні кезінде мұғалім сыныпта болмаған. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Көп ұзамай жоғары қабаттағы терезеден оқушылардың бірі құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған Аружанның жақындары оқушының өзі секіргенін, не абайсызда құлап кеткенін білмейді.

Тексеріс басталды. Ал ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

- Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды, - деді Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері Әбдісамат Утамұратов.

Оқи отырыңыз: Жасөспірімді құтқарған полиция қызметкері жарақат алды (видео)

Новости партнеров