Үйден шығып кеткен: Алматы облысында жоғалып кеткен әйел әлі табылмады

05.01.2024 21:13

Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізуде

Алматы облысында 10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Туысқандарының айтуынша, ол 2023 жылы 25 желтоқсанда таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

«Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Алматыда шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды